Кіріп көріңіз

АЛТЫНЕМЕЛ

АҚҚҰМ ҚАЛҚАН

Алматыдан 311 км

Аққұм қалқан – ақ құмнан тұратын тау, ұзындығы 3 км дейін және биіктігі 150 м дейін жетеді. Барқан Қазақстанның Алматы облысындағы Алтынемел ұлттық саябағының аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 183 км, Жоңғар Алатауы мен Үлкен және Кіші Қалқан тауларының етегінде орналасқан құм төбе.

Аққұм қалқан – табиғат феномені, ол ыстық ауа райында сырнайдан шыққанүн тәріздіқұмнан дыбыс шығаратын қасиетімен ерекше.

Барқаннан айналасындағы елді мекендердің табиғатын тамашалауға болады. Оңтүстікте Іле өзенінің жиегі немесе Согет және Богут көк таулары көрінеді, оның арғы жағындағы Кетмен жотасының аппақ шыңы қылаң қағады. Батыстан көкжиекті Үлкен Қалқанның, ал шығыстан – Шағын Қалғанның  құлама жағы жабады. Ал Солтүстікте оның артындағы Жоңғар Алатауының, Чулак, Матай және Алтынемел тауларының көк түсті тау сілемі көрінеді. Олардың етегінде жауын суынан арналарға жіңішке жолақтар тарамдалған  тау аңғары созылып жатыр. Құм төбенің оңтүстік-батыс беткейі тегіс,ал солтүстік-шығысында бірнеше еңісті жоталар бар. Аққұм қалқан  танымал туристік көрнекі жер.

Барқан Іле өзенінің барқынынан соққан құмның нәтижесінде пайда болған. Іле өзенінің осы бөлігінде (Қалқандар мен Богут және Сюгат таулары арасында) қатты жел соғып тұрады, ол өзеннің барқынынан құмның шаңын шығарады. Бір-біріне бүйірлес тұрған Үлкен және Кіші қалқандарда жел кедергіге ұшырап, бәсеңдейді де құм сол жерге шөгеді. Осылайша мыңдаған жылдар бойы осындай алып құмды тау пайда болған. Құм қанша суырса да, жел қанша қатты соқса да, мыңдаған жылдан бері Барқан орнынан көшпейді.

ҚАТУТАУ ТАУЛАРЫ

Алматыдан 335 км

Қатутау таулары («қатаң тау» деген мағынаны білдіреді) «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының шығыс бөлігінде орналасқан. Қатутауының жоғарғы шыңының биіктігі 1720 м жетеді. Таулар бір кездері осы өлкеде болған үлкен екі жанартаудан аққан лаваның қатып қалуынан түзілген. Жергілікті  тауларға жабысып жатқан вулкан балшықтары вулкан атқылауының дәлелі болып табылады. Тау жынысы перм дәуіріне жатады, ерекшелігі бойынша – бұл лавалар, туф жыныстары, риолиттер, андезиттер, дациттер, диабаздар, базальттар. Кейбір жерлерде олар пермь- триастық граниттердің интрузиясын, диариттерді, габброны жарып шығады. Бомбо күлі және лава ағындары мен жабындары бір-бірімен араласып, түрлі күшке ие болады, кейде 100м дейін жетеді. Қатутаудың Оңтүстік шығыс тауларының бөктерінде тау өлкесі орналасқан, олар балшықтың түсіне байланысты Жолбарыс таулары деп аталады. Бұл тау жынысы өте нәзік, су және жел эрозиясының әсерінен одан түрлі пішіндер пайда болған.

АҚТАУ ТАУЛАРЫ

Алматыдан 355 км

Ақтау таулары – миллиондаған жылдар бойы жиналған бор жиынтықтары. Ертеде бұл жерде Тетис мұхиты болған.

Ал қазір уақыт өте келе бұл жерден диназаврлар мен тарихқа дейінгі сүтқоректілердің қалдықтары табылуда. Олар сонау Борлы таулар енді ғана пайда бола бастаған кездің жалғыз куәгерлері. Бұл жер өзінің ұлылығымен және жансыздығымен таңқалдырады. Мұнда тірі өсімдіктер де өседі, архандардың сұлулығына көз тоймайды.

Бұл аймақта табиғат пен желдің үлесі өте көп. Олардың нәтижесінде Ақтау пішіні әртүрлі болып келетін шөгінді жыныс қабаттарынан тұрады, олардың төбесі түрлі түске боялған. Үшкір таулар египеттік пирамидаларға немесе бөтен ғаламшардың түрлі түсті станцияларына ұқсайды.

Күн сәулесі түскенде таудың көрінісі керемет көрінеді. Ақтау төбешіктері ақ кварц, қызыл яшма, алқызыл ақық дақтарынан жылтырап тұрады. Бұл жердің табиғаты керемет сұлулыққа боялады

kartinki24_ru_kasachstan_22

БЕСШАТЫР ҚОРҒАНЫ

Алматыдан 190 км

Бесшатыр қорғаны біздің дәуірімізге дейінгі VI—IV ғасырлардағы көптеген қорымдардан тұрады. Бесшатыр қорымдарының жалпы ауданы шамамен 2 км². Үлкен Бесшатыр қорғаны қорғандардың ішіндегі ең үлкені. Оның диаметрі 105 метр, ал биіктігі 17 метр. Қорғанның пішіні қиылған корпус тәрізді келеді, ал бірнеше қабат болып тығыз төселген тас жабынның есебінен тұғыр сияқты көрінеді. Қорғанның айналасын 94 дөңгелек қоршаулар, яғнитас бағандар – қадатас және үлкен қойтастар қоршап жатыр. Кейбір қадатастарда қазақтың тегі туралы жазылған. Қорғандардың бірінде Тянь-Шань шырша сілемдерінен ағаш құрылыс табылған.

Ғалымдардың пікірі бойынша Бесшатыр кешені сақ тайпалары үшін киелі орын болған, олар жүздеген жылдар бойы ас беріп, түрлі діни дәстүрлер өткізіп, құрбандық шалған.

Қорғандарды зерттей келе қорғандар мен үйлердің құрылысында ағаштардың, тастардың, қамыс пен бұталардың пайдаланылғанын, құрылыс бойынша үлкен тәжірибенің болғанын көруге болады.  Бұдан Жетісу сақтары жыл мезгілінің тек жылы кезінде ғана көшіп-қонған, ал қыс мезгілінде қыстауға кететін болған деген қорытындыға келуге болады. Бұл Жетісу сақ тайпаларының мәдениеті туралы жаңа мәлімет береді.

КӨЛДЕР/СУҚОЙМАЛАРЫ

БАЛҚАШ КӨЛІ

Алматыдан 631 км

Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Балқаш-Алакөл қазаншұңқырындағы ағынсыз жартылай тұщы сулы көл. Көлемі бойынша тартылмайтын тұзды көлдердің ішінде екіншісі (Каспий теңізінен кейінгі) және әлемнің ірі көлдері арасында 14-ші орында. Көлді жіңішке бұғаз екіге бөліп тұрады, олардың суының химиялық сипаттамасы да әртүрлі – батыс бөлігінікі тұщы, ал шығыс бөлігі – тұздылау.

Көл Балқаш-Алакөл су шаруашылығы бассейніне жатады және Қазақстанның үш облысымен шектеседі: Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстары. Көлдің солтүстігінде Қазақ соқпақтары, батысында Бетпақ дала, оңтүстігінде Шу-Іле таулары, Тауқұм құмдары мен Сарыесік-Атырау қоршап жатыр.

Балқаш көлінің жағасында танымал туризм түрлері болып жағажай туризмі, спорттық су түрлері: желкенді қайық, байдаркамен және каноэмен есу, спорттық балық аулау табылады.
Көл және көл маңындағы табиғат ескерткіштерінің (Бектау ата шатқалы, тоғайлы ормандар) рекреациондық потенциалы туристерді қабылдауға таптырмас мүмкіндік береді. Көлді сақтап қалу аясында түрлі спорттық іс-шаралар өткізіледі.

АЛАКӨЛ

Алматыдан 600 км

Алакөл (ала, түрлі түсті көл деген мағынаны білдіреді) – Қазақстанның ащы-тұзды ағынсыз көлі. Ол Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облыстарының шекарасындағы Балқаш-Алакөл ойпатында, Қазақстанның оңтүстік шығыс қазаншұңқырының шығыс жақ бөлігінде орналасқан. Көлдің оңтүстік шығысында Жоңғар қақпасы асуы жатыр. Алакөл «емдік көл» деген атпен танымал. Көлдің батыс жағалауында Ақши және Көктума деген жипажай кенттері бар, Ақши Қазақстан Қытай шекарасынан 150 шақырымда, Көктума шамамен 80 шақырымда орналасқан. Шамамен Қабанбайдан шығысқа қарай 15 шақырымда «Дорожник» атты космонавттарға арналған сауықтыру орталығымен Барлық-Арасан бальнеологиялық шипажайы бар. Солтүстік шығыстан жағаға Бармаққұм құмды алқабы жалғасады, бірақ оның жиегінде де минералды қайнар бұлақтар бар.

15 жылдан бері Алакөл көлінде туризмді дамытуға тырысып келеді. Жаңадан демалыс орындары мен пансионаттар ашылуда, бұл өз кезегінде демалысты түрлі сұраныс пен қаражатқа қарай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Десе де әлі де инфрақұрылым толық дамымаған. Қызмет көрсету деңгейі әлі де жеткіліксіз. Демалыс аймағынан тыс жерде айналысатын іс жоқ. Яғни экскурсияға баратын жерлер тізімі бірнеше нысандармен ғана шектеулі. Олардың қатарында Жоңғар қақпасы және «шайтан көпір» автомобиль өткелі, Жалаңашкөл көлі.

Сонымен қатар көлдің ірі қалалардан алшақтығының да маңызы бар. Алматыдан автобуспен немесе автомобильмен 9-10 сағат жетуге болады. Көктума станциясына дейін арнайы тікелей поезбен баруға болады, ол маусым кезінде маусым-тамыз айларында жүреді, поезбен жету үшін 16 сағат қажет

ЗАЙСАН

Алматыдан 1173 км

Зайсан (моңғол тілінде Зайсан «князек», сондай-ақ Жайсан) – Қазақстанның шығыс өлкесінде, солтүстік шығыстан – Алтай, солтүстік-батыста – Калбин және оңтүстікте – Тарбағатай тау жоталарының арасында  ашық биік және жазық алқапта орналасқан. Қытай шекарасы көлдің шығыс жағасынан 60 ш. Қашықтықтан өтеді, Қытай тарапынан Зайсан көліне Қара Ертіс өзені келіп құяды. Көл 420 м биіктікте орналасқан, ұзындығы 105 ш., ал ені – 22-48 ш., максималды тереңдігі 15 м.

Суы тұщы, жұмсақ және таза. Судың минералдығы (хлоридті-натрийлі класы)  100 мг/л, тұнықтығы 1,3 м аспайды. Көл қараша айында мұз болып қатады да, сәуірдің соңына жақын ашылады. Зайсан көлінің түбі тұнбалы, кейбір жерлері құмды және ұсақ жұмыр тастармен жабылған. Жағалауы төмен, көп аумағын өсіп кеткен қамыстар алып жатыр, жағалау тек Баклань және Бархоцкий мүйістерінің маңында ғана таза. Кейбір жерлерде тау қыраттарынан көлге мүйістер кіреді, олардың қатарында, жоғарыда аталған екеуіне қоса:  Вершинин, Голодаевский, Тополевый, Песчаный, Голый.

БҰҚТЫРМА СУ ҚОЙМАСЫ

Алматыдан 1183 км

Бұқтырма су қоймасы –Ертіс өзеніндегі Бұқтырма ГЭС платинасымен түзілген су қоймасы. Қазақстанның ең ірі су қоймасы. Ауданы бойынша әлемдегі жасанды ірі су тоғандарының ондығына кіреді (5490 км², құрамына Зайсан көлі кіреді), Қазақстанның ең үлкен су қоймасы.

Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан.  Бұқтырма шұңғымасының бірқатар бөлігін алып жатыр. Су қоймасын толтыру 1960 жылы Бұқтырма ГЭС платинасының көмегімен басталды. 1966 жылдан бастап ағынды көпжыл бойы реттеп келеді. Су қоймасы екі учаскеден тұрады: өзеннен – Ертіс өзенінің және Зайсан көлінің аңғарынан тұрады, оның орнында кең өзен иірімі пайда болған. Нарым жотасының батыс жақ тау етегінен, Бұқтырма бөгенініңшығыс жағалауынан екі палеолиттік кен орны табылды – 1-Күршім және 2-Күршім. Жасанды заттар табылған сары балшықты шөгінділер табылған,ол усть-убинский свитасына сай келеді, оның жоғарғы шекарасының жасы шамамен 1,8 млн. ж.  Оның астындағы қызыл түсті саз павлодар немесе вторушкин свитасына жатуы мүмкін.

ШАРЫН ШАТҚАЛЫ

Алматыдан 236 км

Шарын шатқалы – Шарын өзенін 154 шақырым бойлай жатқан табиғи нысан. Шатқал Алматы қаласынан 195 км-дей шығысқа қарай Қытай шекарасына жақын жерде орналасқан. Алматы облысының  үш ауданның аумағында орналасқан: Ұйғыр ауданы, Райымбек ауданы және Еңбекшіқазақ ауданы. Шарын өзенінің барлық нысандары 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына кіреді.

Қызыл шатқал немесе «Қамалдар аңғары» – еріген сумен шайылған құрғақ аңғар. Шарын өзеніне қарама-қайшы орналасқан, сазды-құмды және тасты жартастардан өтеді. Қызыл шатқалдың ұзындығы шамамен 3 ш, ені 30 м бастап 130 м дейін жетеді, тереңдігі 100 м дейін.

Туристер үшін ең қызықты жерлер Қамалдар аңғары болып табылады. Оның ұзындығы 2 ш жуық, ені – 20-80 м.

Шатқал аясында шағанның ежелгі түрі – тоғай сақталған, ол мұз дәуірі – соғды шағанынан бері келе жатыр. Осы тектес тоғай түрі  тек Солтүстік Америкада бар. 1964 жылдан бастап Шаған тоғайы табиғат ескерткіші болып жарияланды. Сонымен қатар Тұран тоғайы – азияттық терек тоғайы да үлкен қызығушылық тудырады.

Шарын шатқалы ландшафттық түр алуандығымен ерекшеленеді, ол флора мен фаунаға бай. Мұнда 1500 астам өсімдік түрі өседі, оның 17 түрі және сүтқоректілердің 62 түрі, ұя салатын құстардың 103 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 25 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген

ТАМҒАЛЫ – ТАС

Алматыдан 112 км

Тамғалы-Тас («таңбалары бар тастар/жазылған тастар») – Іле өзеніндегі шатқал, Алматы қаласынан солтүстікке қарай 120 ш жерде орналасқан. Ондағы жартастарда көптеген петроглифтер, кейінгі буддистік жазбалар, құпия құдайларының кескіндері сақталған. Петроглифтердің ішінде мыңдаған жартасты кескіндер кездеседі, олардың арасында Шексіз жарық Буддасы –Амитабх, Шакьямунья мен Бодхисатва Буддалары және Шексіз аяушылық буддасы бейнеленген суреттер ең танымалдары болып саналады. Мұндай буддистік суреттер мен жазбаларға қоса, VIII-IX ғасырлардағы, болжам бойынша қыпшақтардан қалған көне түркі руно жазбалары бар тастар да бар. Тамғалы – Тас мәдени ескерткіш ретінде Қазақстан үкіметінің қорғауында және ашық аспан астындағы Будда шіркеуі болып табылады, оған тоғайға кіре берістегі маңдайша куә.

БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ НЕМЕСЕ КЕРІ

БАЙЛАНЫСҚА ТАПСЫРЫС ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ

Сүйінбай 211, 15-кеңсе

Email

info@qeqe-tour.kz

* МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТОЛТЫРЫЛАТЫН ЖОЛДАР