АВТО МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖАЛҒА БЕРУ
Авто
Маңызды: Біздің автодомдар мен көліктер тек өз жүргізушілерімізбен бірге жалға беріледі. Көлікті өзіңіз жүргізіп жалға алу қарастырылмаған.
GLOBETROTTER XXL DEFLEFFS Premium Liner АВТОҮЙІ
тәулігіне 300 мың тг.
GLOBETROTTER XXL DEFLEFFS PremiumLiner автоүйінің 5 ересек адамға + 1 балаға арналған немесе 4 ересек адам, бір кішкентай балаға плюс шамамен 14 жасқа дейінгі 2 балаға арналған жатын орны бар, ұзындығы 8 метр, төбесі биік, 2 адамдық кереуеті бар жеке жатын аймағы бар, кітап оқуға арналған жарығы бар, су киімдерге арналған кептіргішімен бірге үлкен шкафы бар және түскі ас ішетін 6 адамдық асүйі бар, ашық және қаракөлеңкеге дейін жарықтандырылатын,қолжуғышы бөлек душ және санторабы, мұздатқыш камерасы бөлек үлкен тоңазытқыш және жаңа ыдысжуғыш машина, дөңгелекаралық дифференциалы бұғатталатын және пневмокөпшігі бар артқы жетекті, осы класты көліктердің ең үлкен люксті шығарылымы, күн сәулелік 8 жаңа батареялы, толығымен автономды, тіпті бұлтты ауа райында да істей береді, күн сәулелі батареяларды 225 амперлік 2 жеке аккумулятор қуаттайды, бұл барлық жүйенің жұмыс істеуіне жеткілікті, таңертең ауа райы тіпті аздап бұлтты болса да бірнеше сағат ішінде қалпына келеді, су қоры 250 литр. Сорғысы бар 3 конфоркалы газ, жуғышы үлкен, оны тамақ дайындайтын орын ретінде де пайдаланады, газбен жылитын ыстық су және электр қуаты бар! DVD ойнатқышы бар бөлек 2 теледидар, жылыту жүйесіне жауап беретін жеке жылытылатын рундукпен 2 газ баллон. Жылытылатын үлкен жүкті бөлігіне тіпті квадрацикл сыйып кетеді. Салонның барлық жерінде заттар салуға арналған жәшіктер орнатылған. 6 адамға арналған үлкен жиналмалы үстел. Барлығы мінсіз, ақаусыз күйде, минус 30 градус суыққа төзімділігі тексерілген, ақаусыз жұмыс жасайды. Дәретханада, душта және дәлізде төбеден келетін желдеткіш бар. Барлық терезе мен люктерде, кіреберіс есікте жалюзи, шыбын-шіркейге қарсы тор тағылған. Клиренсті және қара жолмен жүруді арттыруға арналған пневмокөпшіктер. Барлығы жұмыс істейді және басқарылуы қиын емес, біздің сіздің маманға жарты күнде-ақ үйретеміз. Су тартуға болатын кез келген жерде сорғы, құбыршек бар және олар арнайы жүйеге қосылған, сондай-ақ жиынтыққа HONDA жеңіл дыбыссыз генераторы кіреді
Mercedes ACtros
тәулігіне 350 мың тг. бастап
Mercedes Actros 1846 — Қазақстанның ең көрікті әрі қолжетімі қиын жерлеріне жайлы саяхат жасауға арналған жоғары өтімді экспедициялық автодом. Сенімді жүк көлігі шассиі, жоғары клиренсі және жолсыз жерге арналған дөңгелектері асфальтта да, қиыршық және топырақ жолдарда да сенімді қозғалысты қамтамасыз етеді.
Ішінде автономды демалысқа қажетті барлық жағдай жасалған: кең қонақ аймағы, газ плитасы мен жуғышы бар толыққанды асүй, тоңазытқыш, жылыту жүйесі, ыстық және суық су, душ, дәретхана, электрмен жабдықтау жүйесі және заттарды сақтауға арналған көптеген орындар.
Автодомда бір екі орындық төсек және екі бір орындық төсек бар. Кең асхана аймағы отбасыңызбен немесе достарыңызбен жайлы уақыт өткізуге мүмкіндік береді.
Тауларға, көлдерге, ұлттық парктерге және қалалық инфрақұрылымнан алыс орналасқан бағыттарға ұзақ сапарлар үшін өте қолайлы.
Mercedes Zetros
тәулігіне 350 мың тг. бастап
Толық жетекті жүк тиегіш автоүй, 6х6 формулалы дөңгелегі бар, 7 адамға дейін тұра алады. Дәретханасы мен душы, асүй аймағы, кіржуғыш машинасы мен тоңазытқыш камерасы бар.
Ақшатырдан бастап 200 литрлік отын бөшкесіне дейінгі керек-жарақты тасымалдауға арналған жеке техникалық аймақ.
Газ66
тәулігіне 150 мың тг. бастап
Дөңгелектердегі ванна, от жағатын пеш орнатылған, кунгтің өзі табиғи материалдармен қапталған, өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды, бәрі жанбайтын материалдарды қолданумен жасалды. Бу бөлмесі үш адамға арналған. Демалыс бөлмесінде, егер қажет болса, бу бөлмесінде 2 ересек адамға арналған төсекке арналған жиналмалы құрылымды орналастыруға болады. Күндізгі уақытта суық мезгілде ыңғайлы уақыт өткізу үшін Webasto жылытқышы орнатылған.
Толық шолуды төменде көре аласыз!
ford transit АВТОҮЙІ
тәулігіне 200 мың тг бастап.
FordTransit автоүйі.
Тамаша күйде, теледидар, жеке душ, дәретхана, қолжуғыш, асүй, 2 конфоркалы газ пеші, раковина, ыстық суға арналған бойлер, су қоры 100л, дәретхана кассетасы бөлек 20л, салон газбен жылытылады, тоңазытқыш, заттарға арналған үлкен рундук, киім-кешекке арналған шкаф және көптеген кішкентай сөрелер. Туризм мен демалысқа қажеттінің бәрі бар. 6 жатын орынға жарайды
RAM 2500
тәулігіне 300 мың тг
RAM 2500 Power Wagon 6.4 HEMI V8 — қуаттылықты, жайлылықты және жоғары жолсыз жердегі мүмкіндіктерді біріктіретін аңызға айналған америкалық пикап. Атмосфералық 6.4 литрлік V8 қозғалтқышы, толық жетегі, зауыттық лебедкасы және жоғары клиренсі қалалық жолдарда да, тау асуларында да, күрделі жолсыз аймақтарда да сенімді жүруге мүмкіндік береді.
Кең әрі жайлы салоны жүргізуші мен жолаушыларға жоғары деңгейдегі жайлылық сыйлайды, ал үлкен жүк платформасы сапарға қажетті барлық заттарды алып жүруге мүмкіндік береді. Айбынды келбеті мен ірі өлшемдері қай жерде болса да назар аудартып, әр сапарды ерекше әсерге бөлейді.
HUMMER H1 ALPHA CONVERTIBLE
Hammer — тәулігіне 200 мың тг.
Hummer H1 жол талғамайтын көлік үлгісін тіпті халқы көп қалалардың өзінен де жиі кездестірмейсіз, біріншіден көлемі ауқымды, қала үшін бұл онша ыңғайлы емес. Біздің H1 Alpha үлгіміз сирек кездесетін түрі. Бұл американдық әскери HMMWV-діңең дәл нұсқасы, азаматтық Хаммердің әскери үлгіден айырмашылығы аз ғана, сондықтан да ол АҚШ-та да, одан тыс жерлерде де әскери техниканы ұнататындар үшін танымалдыққа ие болды.
Hummer H1 Alpha 6,5 литрлік турболық қозғалтқышы, дөңгелек үрлеуге арналған компрессоры, дөңгелекті бұғаттауға арналған компрессоры, шығыры, қосымша жаңалағыштары бар, сондай-ақ машинаға кез келген қиын жерлерде жүруге арналған 46 дөңгелек орнатылған. Жазғы уақытта жұмсақ қақпақшаны оңай шешуге болады
MERCEDES G 55
Mercedes G55 — тәулігіне 150 мың тг
Раллиге қатысуға және жолы жоқ қиын жерлерде экстремалды жүргізуге арналған толықтай қайта жасалған g55, қауіпсіз каркас орнатылған, бес жерден қауіпсіздік белбеуі бар спорттық орындықтар, шығыр, қосымша жарықтандыру. Порталды көпірі бар машина.
MAN
тәулігіне 300 мың тг. бастап
MAN Expedition Camper — Қазақстан бойынша және одан тыс жерлерге жайлы саяхаттауға арналған жоғары өтімді экспедициялық автодом. Ол жол талғамайтын жүк көлігінің мүмкіндіктерін және дөңгелек үстіндегі толыққанды үйдің жайлылығын біріктіреді.
Автодомда екі орындық үлкен төсек, екі бір орындық төсек және қажет болған жағдайда қосымша екі орындық төсекке айналатын асхана аймағы бар. Ішінде душ, дәретхана, мұздатқышы бар тоңазытқыш, газ плитасы, кондиционер, жылыту жүйесі және автономды өмір сүруге қажетті барлық жабдық қарастырылған.
Саяхаттарға, экспедицияларға, отбасылық демалысқа, тауға шығуға және жайлылық, тәуелсіздік пен еркін қозғалыс маңызды болатын ерекше бағыттарға арналған тамаша таңдау.
BYD Leopard 5
тәулігіне 250 мың теңгеден бастап
BYD Leopard 5 — саяхаттарға, тауға шығуға және белсенді демалысқа арналған премиум санаттағы заманауи жол талғамайтын көлік. Толық жетегі, жоғары клиренсі, күшейтілген аспасы және жолсыз жерге арналған дөңгелектері кез келген бағытта сенімді қозғалысты қамтамасыз етеді.
Көлік экспедициялық шатыр багажнигімен, қосымша жабдықтарға арналған бүйірлік жүк жәшігімен және оған ыңғайлы қолжеткізуге арналған баспалдақпен жабдықталған. Кең салоны, заманауи технологиялары және жоғары жайлылық деңгейі оны ұзақ сапарлар мен күнделікті пайдалану үшін тамаша таңдау етеді.
Таулы аймақтарға, көлдерге, ұлттық парктерге және Қазақстанның ең көркем бағыттары бойынша саяхаттарға өте қолайлы.
Квадроцикл Outlander MAX 800R
сағатына 15 мың теңгеден бастап
Бүкіл Outlander желісінің ішінде ең элиталық жиынтық Limited болып табылады, күші жоғары, тұрақты және өтімді. Капоттың астында екі цилиндрлі Rotax қозғалтқышы бар, 91 л.с., көлемі 976 см.куб. Моторының құрастырмалы ерекшелігінің арқасында газ барынша қолданылады және орташа айналымда тұрақты күшке ие. Бетпен ITP TerraCross алты қабатты резеңке арқылы жақсы ілініседі, батпақтан және қиын кедергідерден қорықпайды. Кез келген қиын жағдайдан WARN шығыры көмектеседі, оның күші 1361 кг. Ойлы-қырлы жерлерден және жолсыз жерлерден оңай өтуге FOX газ амортизаторы бар пневмоаспасы көмектеседі, оның жүріс кезінде алты режимі бар. Борттағы компрессор арнайы шланг арқылы дөңгелектерді үрлеуге мүмкіндік береді. MAX 800R екіадамдық квадрациклініңкөптеген пайдалы опциялары бар, мысалы: мамандандырылған навигатор, тахометр, диагностика жүйесі, жетекті ауыстыру датчигі, сағат, әртүрлі есептеуіштер.
Жол талғамайтын навигаторайрықша ықыласқа лайық және квадрациклмен кез келген уақытта сапарға шыққанда оның маңызды бөлігі болады.
АРГО ЖОЛ ТАЛҒАМАЙТЫН КӨЛІК
Сағ. 30 мың тг.
АРГО жол талғамайтын көлігі жинақтың жоғары сапасымен және көптеген функционалдық мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Мұндай модельдерді пайдаланудың температуралық режимі -40 бастап +40 градусқа дейін құбылып тұрады. Соның арқасында техниканы еліміздің түрлі өңірлерінде пайдалануға болады.
Қар-батпақ кешкіш тек өтімділігі жоғарылығымен ерекше емес, сондай-ақ соққыға да төзімді. Олар пайдалануда әмбебап болып келеді, сондықтан қарды, батпақты, құмды ғана бағындырып қоймай, су кедергілерінен де өте алады. Кейбір құрылымдық ерекшеліктері жол талғамайтын көліктің бір орында тұрып айналу маневрін жасауға мүмкіндік береді.
Көп жүк көтеру қабілеті жеткілікті жүк көлемін тасымалдауға немесе біршама адамды тасуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ осы өндірушінің жол талғамайтын көлігінің сенімділігін де атап өткен жөн. Олар тіпті қиын жағдайларда да ұзақ уақыт пайдаланылуға қабілетті.
ҚҰРАЛ-САЙМАНДАР МЕН ЖАБДЫҚТАР
COSMOS 600 АВТОМАТ ШАТЫР
Бұл шатыр негізінен үлкен компанияның табиғатта жайлы демалуына арналған. Оған 10-14 адам сыйады, ішінде барлық жағдайы жасалған.
2018-2019 жылдары шыққан үлгіде төбеден желдету жақсартылған, атап айтқанда:
төбе желдеткіші люверс арқылы ашылып-жабылады.
Орын саны – 14. Кіретін жерлерінің саны – 5. Жинауға кететін уақыт – 2 мин. Шатыр көлемі – Ұ – 600см.; Е – 560 см; Б – 300 см.
Материал. Тент қабырғалары -150D POLYESTER OXFORD PU 5000MM тігістері дәнекерленген. Тент жабыны – 150D POLYESTER OXFORD PU 5000MM тігістері дәнекерленген.
БАРЛЫҚ МЕЗГІЛДІК АҚШАТЫР
Барлық ауа райына арналған, жылытылатын «РОСНАР Р-34» ақшатыры. Ол 5-6 адамға дейінгі компанияның кез келген ауа райында ұзақ уақыт тұруына арналған. Геолог барлаушылардың аздаған тобын, ТЖМ, ҚМ мобильді тобын, аңшыларды, балықшыларды жабдықтауға жарамды. Ақшатыр кез келген ауа райында, соның ішінде Шеткі Солтүстіктің ауа райында әскери тапсырмаларды орындайтын мобильді топтардың пайдалануына да болады.
Басқа өндірушілердің осындай ақшатырларымен салыстырғанда «РОСНАР Р-34» экспедициялық ақшатырдың басты ерекшелігі тұрғын алаңы үлкен және көліктік салмағы көп емес. Бұйымның жалпы салмағы 28 кг. Ақшатырдың жатын орындары 5-6 адамға дейін.
«Роснар Р-34» және «Роснар Р-34 М2» ақшатырдың сыртқы тентінің айқарма есігінде арнайы клапанмен москитті тор орнатылған. Соның арқасында ақшатырдың ішінде ауа жақсы желдетіледі.
«РОСНАР Р-34» ақшатырының 2 мықты тенті бар. Сыртқы тент тығыз, су өткізбейтін және мықты «Oxford 240Т» PU 3000 матасынан жасалған (суға сөзімділігі 3000 мм жоғары). Ішкі жағы Oxford Ripstop мықты матадан жасалған. Тенттер жаңбырдан және қатты желден сенімді қорғайды
МОНША АҚШАТЫР
Мобильді монша – бұл мобильді монша ғана емес, сондай-ақ жылытылатын, пеші бар кең ақшатыр. Жиынтыққа мұржаға арналған екі технологиялық бөлік кіреді. Егер жатын орнымен от жағылатын ақшатыр қажет болса, пешті тенттің басқы секциясына, бұрышқа орнатасыз, ал 2*2 көлемді екі орынжайдан 4*2 көлемді бір орынжай жасайсыз.
Сонымен қатар ақшатырда ағындық желдетуге арналған москитті торымен қосымша люк, қоршаудың сыдырмасы, жиналмалы кергіш, сыдырмалы клапан бар.
Жиынтық ауқымды болғандықтан, мұндай моншаны жартылай кәсібилер қатарына жатқызуға болады. Кез келген жыл мезгіліне арналған.
ЖЫЛЫТҚЫШТАР МЕН ТӨСЕК АКСЕССУАРЛАРЫ
Барлық ақшатыр мен жабдықтардың бағасы 2000 тг бастап (сұраныс бойынша толық ақпарат беріледі).
Техника және дала жиһазы
Екіорынды ақшатыр, жиналмалы кереуеттер, төсек қаптар, карематтар
Жарықтандыру құралдары, рациялар, спутниктік телефондар, газ баллондар, навигация құралдары.
Үстелдер, орындықтар, отырғыштар, термосымен ыдыстар







Ыдыстар мен дәрі қобдишасы
Генератор
































































